ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП — 10 БАҒЫТЫ

240
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.
Қазіргі уақытта еңбек нарығында келесі бағыттар сұранысқа ие:
• ақпараттық технологиялар;
• құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
• геология;
• тау-кен өнеркәсібі;
• энергетика;
• металлургия және машина жасау;
• көлік;
• байланыс;
• педагогика;
• медицина және т.б.
Еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% — ға көбейеді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.

QR Oqu-ağartu ministrlıgı

Leave A Reply

Your email address will not be published.