Көру қабілеті нашар адамдар үшін көзілдірік таптырмас құрал. Десе де оның артық және кемшін тұстары бар.
Көзілдірік тағудың артықшылықтары
– Көзілдірік – көру қабілетін түзетудің ең қауіпсіз әдісі;
– Көзілдірік тағуға қарсы көрсетілімдер жоқ. Оларды кез келген жағдайда киюге болады;
– Көзілдірікті линзаларға қарағанда бір рет сатып алып, бірнеше жыл тағуға болады;
– Көзілдірікке күтім жасау оңай;
– Көзілдірік линзалар сияқты жиі және тұрақты ауыстыруды қажет етпейді;
– Стильді аксессуар;
– Көзілдірікті тағу және шешу оңай;
– Инфекция жұқтыру қаупі өте төмен;
– Шаң мен желден қорғайды.
Көзілдірік тағудың кемшіліктері
– Бәріне бірдей ұнай бермейді және көп адамдар көзілдірік тағудан ұялады;
– Спортпен шұғылдануға ыңғайсыз;
– Көзілдірік температураның күрт өзгеруінен тұманданады. Сондықтан жаңбырлы ауа райында немесе қыста ыңғайсыз;
– Көзді кішірейтеді, диоптриялық линзалар неғұрлым көп болса, бұл әсер соғұрлым айқын көрінеді;
– Миопияның жоғары деңгейінде ұзақ бейімделуді қажет етеді.