ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

225

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Дулат ауылдық округінде асыл тұқымды қой өсірумен айналысып отырған «Керемет» шаруа қожалығында болды. Мал шаруашылығын қолға алғанына көп уақыт болмаса да қожалық жетекшісі бүгінде бір атар қой мен екі үйір жылқы ұстап, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.


Бұған дейін жем-шөпке, бағып отырған әр қойдың басына мемлекеттен көмек алған қожалық жетекшісі Кенен Күмісбаев алдағы уақытта мал басын көбейтуді көздейді. Оған қоса, балық шаруашылығын қолға алуға да ниетті екенін жеткізді. Алайда, аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін жайылым мен қажетті жер қолбайлау болуда.
Осыған орай, шаруа қожалықтың мал және балық шаруашылығын одан әрі дамытуына әкімдік тарапынан заң аясында қолдау көрсетілетін болады. Өңірдегі дәл осындай шаруа қожалықтардың жұмысын ширатып, кәсібін кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің барлығын қолжетімді етуге күш салу керектігін жеткізді аудан әкімі.

 

Шу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.