Облыстық ашық біріншілік

141
Осыдан екі күн бұрын ауданда еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған 2010-2011 және 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік басталған болатын.
Аталған турнирде Астана, Алматы Шымкент, Тараз қалаларынан және Жамбыл, Түркістан облыстарынан командалар қатысып, бақ сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша 2010-2011 жылы
туылған жасөспірімдер арасында 1 орынды Жаңатас-2010, 2 орынды Созақ, 3 орынды Сарысу командалары иеленді.
Сонымен қатар, осы турнирде 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында
1 орын Жаңатас-2013, 2 орын Түлкібас ауданы, 3 орын «Болашақ» Тараз командаларына бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов марапаттап, арнайы тағайындалған медальдармен, дипломдарды табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.