АҚКӨЛ, АҚТӨБЕ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛӘУІТ АУЫЛДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

171
Ауылдарды табиғи газбен қамту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бүгін аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Ақкөл және Ақтөбе ауылдарын газдандыру жұмыстарының барысын тексерді.
Ақкөл (27,2), Ақтөбе (1,8) және Қызыләуіт (17,5) ауылдарында 46, 6 шақырымды құрайтын кварталішілік газ құбыры тартылуда.
Құрылыстар толығымен аяқталатын болса үш елді мекен толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.
Жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзекті мәселелерді зерделей отырып, газдандыру жұмыстарын өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.