Жамбыл облысында ауыл экотуризмы дамиды. Бұл туралы өткен аптада Мерке ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының бастамасы бойынша алғаш рет CBT құруға арналған семинар барысында айтылды.
Бүгінгі күні бұл аймақта СВТ-ны дамытудың барлық алғышарттары бар, аймақта шипажайлар мен шағын қонақ үйлер жұмыс істейді.
Семинардың ұйымдастырушысы Қазақстан Туризм Ассоциациясы, ҚТА экологиялық туризм бойынша ақпараттық-ресурстық орталығының үйлестірушісі Алина Дәулетбакова болды.
Дәріс тобының құрамында Тұран университетінің доценті Майра Рахымбекова, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының СВТ өкілі Бақыт Есімбекова болды. Сондай-ақ, Мерке кәсіпкерлері де қатысты.
Деректерге сәйкес, Ескелді ауданында СТВ-ның қысқа кезеңіне қарамастан, биылғы қыста қонақ үйлердің иелері 500-ден астам шетелдік туристерді қабылдады. Б.Есімбекова Меркелік кәсіпкерлерге алматылық әріптестерінің мысалына орай, СТВ-ны құруды бастауды талап етіп, жаңа істердің бірқатар артықшылықтарын атап өтті.
«Біздің міндетіміз – Қазақстанның туристік ассоциациясымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес иелерін СВТ арқылы табыс табуға үйрету », – деді Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының бастығы Қарлығаш Аралбекова.
Мұнда туристерге қызмет көрсету мәдениеті, сондай-ақ өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, шет тілдерін білу маңызды делінді.