Медресе ашылды

129

Мұсылман үмбетіне білім алу парыз екендігі баршаға аян. Қалың бұқараның мұсылман атауына лайықты деңгейде білімі болуы аса маңызды.

Медресе – діни ағартушылық ордасы. Қазақ даласындағы кешегі білім беру жүйесінің тарихына қарасақ, медреселер тек қана халықтың діни сауатын арттырумен шектелмей, қоғамды ізгілікке үйрететін, қоғамның руханиятын қаз-қалпында ұстап тұратын темірқазық рөлін атқарған.

Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында “Һибатулла Таразим” едресе-колледжі, Бейбіт ата ғимараты пайдалануға берілді


Медресенің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Жамбыл ауданы әкімі Ерлан Қыдыралыұылы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев қатысты.

Ғимараттың жалпы көлемі 10002 шаршы метр, екі қабаттан тұрады. 50 адамды қабылдай алады.

1 қабатта ұлкен бөлме, қосалқы бөлме, дәретхана және 3 бөлме бар.

2 қабатта жуынатын бөлме, намазхана, дәретхана, 3 бөлме, 2 үлкен зал бар.

Ғимаратқа күрделі жөндеуден Бейбітұлы Қуаныш пен Олжас есімді кәсіпкерлерлер өз қаражаты есебінен жүргізген.

Ашылуында сөз алған Еркін Құлымбайұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздік алғалы еліміздің барлық аймақтарында медреселер мен медресе-колледждердің қызметі қайта жанданғанын, бастапқыда имам-молдалардың ауыл балаларына Құран жаттатуымен шектелген медреселер, келе-келе мемлекеттік үлгіде біліктілігін айқындайтын құжат беретін ресми діни арнайы орта оқу орындары мәртебесіне дейін көтерілгенін айтып, ашылған жаңа медресе ғимаратының облыс пен аудан халқының игілігіне, ұлт бірлігіне және жас ұрпақтың салиқалы болып өсуіне өлшеусіз үлес қосып, үлкен имандылық ордасына айналуына тілектестігін білдіріп, ғимаратты аралап шықты.

Сондай-ақ ауыл қариялары да сөз алып, сауапты іс жасалғанын тілге тиек етті.

Ғимарат маңында ауыл азаматтарына арналып, ақ дастархан жайылды.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.