Таразда тағы да қару-жарақ табылды

109

Жамбыл облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақ түсіті полиэтилен қапшыққа жасырылға қару-жарақты тапты.

– Жасырылған қару-жарақ көмбесі Көшеней көшесінің бойында орналасқан ғимараттардың бірінің маңынан табылды. Аталған қапшықтың ішінде маркасы мен нөмірі белгісіз, бөлшектелген күйдегі 16-калибрлі бір оқпанды аңшы мылтығы,  1 дана бронежилет, 1 дана дулыға және 1 дана резеңке тоқпақ бар екені белгілі болды, – дейді №25 мекеменің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.