Т. Рысқұлов ауданындағы елді мекендердегі 20 көше күрделі жөндеуден өтуде

130

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде 514,2 миллион теңгеге жалпы ұзындығы 23,9 шақырымды құрайтын 13 елді мекеннің 20 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Ал, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 352,7 миллион теңге бөлініп, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын (Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайынды бағыты байынша) аудандық маңызы бар автожол күрделі жөндеуден өтуде.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 40,4 миллион теңге қаралып, ауылішілік 3 көшенің жолдары орта жөндеуден өтетін болады.

Жалпы аудан аумағындағы 96 шақырымды құрайтын республикалық мәндегі жолдардың 100 пайызы, 100 шақырымды құрайтын облыстық мәндегі жолдардың 95 пайызы, 100 шақырымды құрайтын аудандық мәндегі жолдардың 95,5 пайызы және 337,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көше жолдарының 95,5 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық үлесті құрап отыр.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.