АУЫЛДЫҚТАР ЖАҢБЫРЛАТЫП СУҒАРУ ТӘСІЛІН ЕНГІЗЕ БАСТАДЫ

168
Ауданда суармалы алқаптың аумағы аз болғандықтан, дала төсінде егін екен аудан шаруаларының басым бөлігі жауын-шашынға тікелей тәуелді.
Бүгінде далалық егістіктердегі егіншілер озық технология саналып жүрген жаңбырлатып суғару әдісін де пайдалана бастады.
Шаруалар осы күні мемлекет ұсынған тиімді шарттарды пайдаланып, жаңбырлатып суғаруды жөн санап отыр.
Ауданымыздағы Түркістан ауылдық округіне қарасты «Әбілқайыр» шаруа қожалығы өткен 2022 жылы «КазАгроФинанс» ЖШС-і арқылы 7 млн. тенгеге лизингке жаңбырлатып суғаратын «Жаңбырлатып суару аппаратын» құрылғысымен алған болатын.
Қазіргі таңда 30 гектар жоңыршқа алқабын жаңбырлатып суару әдісімен суғара бастады.
— Биыл да жауын-шашын аз болды. Табиғаттың жаңбырынан үміт күтіп отыратын шаруалар үшін және дала төсіндегі егістік алқаптар үшін жаңбырлатып суғарудың пайдасы өте зор болмақ. Әсіресе, жаңбыр аз жауып, жер құрғап, қуаңщылық белең ала бастаған кезде бұл әдіспен мол өнім алып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп отырмыз, — дейді шаруа қожалығының төрағасы А. Сейілбеков.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.