Талас ауданында биыл 107 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

98

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында “United Concrete Canvas» ЖШС бетон жабындысын өндіру жобасы таныстырылды.

Бетон жабындысы — бұл өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста қолданылатын әмбебап материал.

Қазіргі таңда бетон жабындысы суару арналарын жабу үшін жиі қолданылады.

«United Concrete Canvas» ЖШС Жамбыл облысында бетон жабындысын өндіру зауытын салуға ниетті.

Облыс әкімі жобаны қолдау бойынша жауаптыларға тапсырмалар берді.

«BNK Group Ltd» компаниясы әлемдік өндірушілердің заманауи суару жүйелерін жеткізумен, орнатумен, монтаждаумен айналысады. Облысымызда аталған компания ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша сервистік орталық ашуды жоспарлауда.

Ал, «Medical systems SOS» компаниясы медициналық персоналды қашықтан үйлестіру және жедел ден қою жүйесін енгізуге қатысты жобасын таныстырды.

Қазірдің өзінде жоба пилоттық режимде үш ауданда жүзеге асуда.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына жобаның орындалуы мен тиімділігін зерделеуді тапсырды.

Бұдан бөлек басқосуда Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы есеп берді.

Талас ауданында 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарының 3 бағыты бойынша 76,8 млрд. теңге көлемінде 385 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олармен 1652 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Ағымдағы жылы 5 млрд. 005 млн. теңгеге 107 инвестициялық (177 жұмыс орны) жобаны іске асыру көзделуде.

Ірі жобалардың қатарына Қаратау қаласындағы «AsiaChem» ЖШС суперфосфат өндіру зауыты, «KARATAU Chemicals» ЖШС химиялық өнім өндіру зауыты, «Қаратау ПРО» ЖШС мәрмәр ұнтағын өндіру кәсіпорны бар.

Облыс әкімі инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейту, әлеуетті инвесторлармен өзара байланысты арттыруды тапсырды.

Жиын барысында цифрландыру басқармасының басшысы Руслан Нокрабековтің есебі де тыңдалды.

 

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.