Кәсіпкерге хаттама толтырылып, айыппұл салынды

89
Тараз қаласында 1 мамырдан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында бір айлық жарияланған болатын. Осыған орай, аумақтық округтердің бас инспекторлары мен сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен соған қарамастан тазалыққа салғырт қараған нысандар анықталуда.
Солардың бірі — «Қаратау» мөлтек ауданында орналасқан «Береке» сауда дүкені. Дүкенге құрылыс жұмыстары жүргізілген. Меншік иесі сол құрылыс қалдықтарын №39 үй ауласындағы қоқыс алаңшасына ретсіз тастағаны анықталды. Заң аясында дүкен иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, шара қолданылды.
✅Айта кетейік, қоқыс контейнеріне құрылыс қалдықтарын тастау заңсыз болып есептеледі. Үй ауласындағы қоқыс контейнері тек тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.