Жыл өткен сайын шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан қолдау көлемі еселеп өсуде. Осының нәтижесінде кәсіпкерлік саласының тынысы ашылып, бойына қан жүгірді. Бұл істе ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының да үлесі зор екенін айта кеткен жөн. Аталған бағдарлама аясында бастау алған өндіріс ошағының бірі бүгін пайдалануға берілді.



– Кәсіпкерліктің қарыштауы ел экономикасына да зор серпін береді. Тараз қаласында да бұл бағыттағы ілкімді істер қолға алынуда. Бүгін, міне, «Дәмді себет» дәмхана өндірісінің ашылуына куә болып отырмыз. Бүгінде аталған желінің облыс бойынша 36 сауда орны халыққа сапалы қызмет көрсетуде. 800-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып, еліміздегі жұмыссыздық мәселесінің де шешілуіне ықпал етуде.
Ендеше баршаңызды осы фабриканың ашылуымен құттықтап, еңбектеріңізге табыс, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін! – деді Қайрат Әбілханұлы.



