Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия Чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетсек, Нұрғиса жұлқа көтеруде (181 келі) кіші күміс және серпе көтеруде (219) кіші алтын жүлдеге қол жеткізді.
https://turkystan.kz/article/222762-takiya-kigen-sportshymyz-auyr-atletikadan-aziya-chempiony-atandy/