Павлодар облысында жолда ұйықтап кеткен жүргізуші полиция көлігіне соқтығысты

88

Жол-көлік оқиғасы Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында болды деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамыр күні Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары – Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді.

«Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Такси жүргізушісінің айтуынша, көлікті басқару кезінде рөлде ұйықтап кеткен. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.

https://turkystan.kz/article/222591-pavlodar-oblysynda-zholda-uyyktap-ketken-zhurgizushi-politsiya-koligine-soktygysty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.