Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

259

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 78 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.

Атаулы мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-аттқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға департаментке қарасты № 25 мекеменің бастығы Ерлан Оразгелдиев пен мекеме қызметкерлері де қатысты.

Майдан даласынан қайта оралмағандарды, марқұм майдангерлерді еске алу үшін ардагерлер, тыл еңбеккерлерімен қатар, бірқатар жамбылдықтар жиналды. Жиналғандар Жеңіс үшін жанын қиған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.