«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық акциясы Жамбылдан Түркістанға аттанды

844

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық акция аясында  кезекті эстафеталарын киелі Әулиеатадан тарихы терең Түркістан облысына ұсынды.

Алматыдан бастау алған шара Жамбыл облысында жалғасын тапқан болатын. Эстафетаны қабыл алу рәсімі Қордай ауданында өткізіліп, оған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» басшысы Рано Убайдуллаева бастаған бір қатар  этномәдени бірлестік өкілдері және  «Жаңғыру жолы» жастары атсалысқан болатын.

«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық акциясы барысында ғалымдардан, түрлі этнос өкілдерінен, «Жаңғыру жолы» жастарынан құралған экспедиция мүшелері 2000жылдан астам тарихы көне шахар Тараздың уақыт сынына ұшырасада сыр бермеген тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, өз кезегінде сенбілік жұмыстарында атқарған еді.

Кезекті эстафетаны Түркістан облысына табыстау рәсіміне Жамбыл облысынан барған делегация мүшелері, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері  және  «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының мүшелері қатысты.

Шараның басы  Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақовтың жобаның маңыздылығын айқындап және жастарға бірлік  пен бұртұтастыққа шақыруға негізделген сөзімен бастау алды.

Елбасымыз ұсынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтіп жатқан іс-шара Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жастардың терең танысуына мүмкіндік береді. Сол арқылы жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақстандық бірегейлікті, елдің бірлігін нығайту көзделуде. Акция барысында ұйымдастырылатын эко-сенбіліктер қасиетті нысандарды күтіп ұстап, қастерлеудің маңыздылығын артырады.

Эстафетаны салтанатты түрде табыстау рәсімінен кейін экспедиция мүшелері оңтүстік өңірдің тарихи-мәдени орындарына жол тартты. Олар «Отырар төбе» қалашығына, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына, «Арыстан баб» кесенесіне, Түркістандағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығына, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайына барып, тарихи құндылықтарымен танысты.

 Айта кету керек, «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 5-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне орай «Қамқор» атауымен өтті. Екінші кезеңде, яғни 28-37 мамыр аралығында «Тағзым» акциясы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды.

Еліміздің барлық аймағында өтіп жатқан акция 15-18 тамыз күндері «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен Алматы облысында қорытындыланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.