Павлодарда жасөспірім мектепте бұрыш баллонын шашқан

105

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте бұрыш баллонын шашқан. Үш оқушы зардап шекті, – деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына қала мектептерінің бірінің 3 оқушысы уланып, ауруханаға жатқызылды деген хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері 16 жастағы 9-сынып оқушысы өзімен бірге бұрыш сепкіш алып келгенін анықтады. Сабақ барысында ол сыныптастарымен бірге бұрыш сепкішті сыныпта шашпақ болып келіскен.

«Сағат 11:35 шамасында достарының бірі кабинетте бүріккіш бөтелкені шашыратып жіберген. Мұғалімдер болған оқиғаның мән-жайын білген соң кабинет желдетіліп, дымқыл ерітіндімен тазартылды. Екінші ауысымда осы кабинетте 6-сынып оқушылары оқыған. Сабақ барысында кейбір оқушылардың көздері ашып, беттері қызарған, өздерін нашар сезінген», – делінген хабарламада.

Кезекші әкімшілікпен жедел жәрдем шақырылып, оқушылар ауруханаға жеткізілді.

«Осы факті бойынша полицияда заңды өкілдер мен педагогтардың қатысуымен алдын алу кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша 15 жастағы оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен  әкімшілік материал жасалды. Жасөспірімнің заңды өкіліне 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ барлық кәмелетке толмағандармен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы алдын алу сипатындағы әңгіме жүргізілді», – деді полиция қызметкерлері.

https://turkystan.kz/article/221923-pavlodarda-zhasospirim-mektepte-burysh-ballonyn-shashkan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.