Үндістанның Раджастхан штатында үш қолы бар сәби дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz.
Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге «полимелия» деген диагноз қойды. Қосымша қол-аяқпен дүниеге келген балаға қойылатын бұл диагноз әлем бойынша өте сирек кездеседі.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, үшінші қол сәбидің арқа тұсында орналасқан.
«Желіде тараған видеода бүйірінен жатқан баланы көруге болады. Кіндігі түспегеніне қарағанда, бала жақында ғана туған», – делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/221810-sirek-kezdesetin-okiga-3-koly-bar-bala-duniege-keldi/