Белгілі қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар (5-3) кештің басты оқиғасы Алматыда өткен Octagon 44 турниріндегі сенсациялық жеңілісінен кейін эмоцияны тежей алмады деп хабарлайды turkystan.kz.
Vesti.kz жазуынша, 27 жастағы файтер қарсыласының тұншықтыру әдісіне тап болып, жеңіліске ұшырады.
29 сәуірде ММА-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық актер биылғы алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Қазақстандық 21 жастағы ирандық Паям Назаримен (4-1) кездескен. Екінші раундта Еркебұлан күтпеген жерден жеңіліп қалды.
Жекпе-жектің соңында эмоциясына тосқауыл қоймаған спортшы микрофонды қолына алып, сөйлеген сөзімен көрермендерді таңғалдырды.