Бомба туралы жалған ақпарат таратқан азамат 2 жылға сотталды

108

Сәтбаевта кәсіпорынды миналаған деп жалған хабарлама берген азаматқа сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтем жасап.

2022 жылғы 20 желтоқсанда Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне белгісіз адам қоңырау шалып, жылу станциясы ғимаратына жарылыс зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар) бойынша тіркелген.

«Оқиға орнына полиция және арнаулы қызмет қызметкерлері барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Хабарлама расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол мас күйде жалған хабарлама берген Сәтбаев қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.

Сот сотталушының өзіне тағылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәсі толық дәлелденген деп шешіп, екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

https://turkystan.kz/article/221180-bomba-turaly-zhalgan-akparat-taratkan-azamat-2-zhylga-sottaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.