Қазақ-өзбек шекарасында 250-ге жуық көлік тұрып қалды

104

Қазақ-өзбек шекарасында ауа райына байланысты көлік кептелісі пайда болды деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, мемлекеттік кірістер комитеті шекарада өткізу пункттерін қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қайта құру «Қапланбек» кеден бекетінің жабылуынан басталды.

Осыған байланысты 15 ақпанда «Қазығұрт» (ҚР) өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар мен автокөліктердің өтуі – «С. Наджимов» (ӨР) және «Атамекен» (ҚР) – «Гүлістан» (ӨР) бекеттері арқылы жүзеге асады.

«Айта кететін жайт, шекара бекеттерінің өткізу қабілеті төмендеген жоқ. «Қазығұрт» пен «Атамекен» кеден бекеттері екі бағыт бойынша күніне орта есеппен 350-400 жүк көлігін өткізеді, жаңартылған «Б.Қонысбаев» – 1000-нан астам жүк көлігін қамтиды», – деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитеті.

2023 жылдың 20 сәуірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Өзбекстан Республикасына 200-250 көлік көлемінде жол жүруді күтіп қалып, көлік кептелісі қалыптасты.

Өткізу қабілетін арттыру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары келісім бойынша күшейтілген режимге көшті. Бақылау бекеттеріндегі кептелістер жақын арада шешіледі деп уәде беріліп отыр.

https://turkystan.kz/article/220702-kazak-ozbek-shekarasynda-250-ge-zhuyk-kolik-turyp-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.