Қайтарымсыз гранттар мен микрокредиттер

245
Бүгінгі таңда қайтарымсыз гранттар әлеуметтік осал топтарды қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі болып отыр.
2023 жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 1054 адамға 1454,5 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған.
Қайтарымсыз грант алуға үміткерлер санатына:
— атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
— көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды алушылар;
— асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар;
— қоныс аударушылар;
— қандастар;
— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
— мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.
Есепті кезеңге 267 адам 368,4 млн.теңгенің гранттарын алды (көпбалалылар-138, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-66, мүгедек баланы тәрбиелеушілер-36, асыраушысынан айырылғандар-13, атаулы әлеуметтік көмек алушылар-11, қандас-3).
Сонымен қатар, Ел Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, ағымдағы жылы жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру қаралып отыр. Осы мақсатта облыс бойынша 347 адамға 1735,0 млн.теңге көлемінде микрокредит беру жоспарлануда.
Бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Негізгі шарттары:
микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.
Микрокредит беру жұмыстары наурыз айынан басталып, Аграрлық несие корпорациясы микрокредит алуға ниет білдірген жастардың өтініштерін қабылдауда. Бүгінгі күнге облыс жастарынан құны 940,4 млн. теңге құрайтын 205 жоба қабылданып отыр. Сәуір айында өтініштерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның алғашқы отырысын өткізу жоспарлануда.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.