Таразда индустриалды аймақ құрылады

929

Тараз қаласында индустриалды аймақ құру мәселесінде нақты шешім қабылданды, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс орталығынан бұл мақсатқа 40 га жер бөлінді. Бүгінде инфрақұрылым тарту үшін 1 млрд.теңгеге жуық қаржы қарастырылуда. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қаржылай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. 833 млн.теңгеге өсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.