Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасын ұйымдастырғандарға қатысты үлкен дау шықты
Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасы өткен Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясы лицензиядан айырылды. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы хабарлады.
Еске салайық, компанияның негізін Әлімжан Қалдияров қалаған болатын. Ол промоутер ғана емес, сонымен қоса, Жаңқоштың менеджері екенін де айта кетейік.