Бүгінде ауданымызға сыйлы ақсақалдардың бірі Тамаша Расилұлы адам ғұмырының асқаралы белесі – 80 жасқа толып отыр. Жарты ғасырдан астам уақытын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге арнаған қария ұзақ жылдар бойы түрлі салада еңбек етті. Жауапты қызметтерді үлкен абыроймен атқарып, ұтымды ұйымдастырушылығы мен іскерлігінің арқасында талай белестерді бағындырды.
Сексенге аяқ басқан ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, мерейлі жасымен құттықтадық. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, қарияның есті сөзінен ғибрат алып қайттық. Қызметтен қол үзгенімен, кітаптан қол үзбеген Тамаша Расилұлы қазірдің өзінде бірнеше кітабын шығарып, алыс-жақын өңірлердің шежіресін қағазға түсірген. Біз де өз кезегімізде бір әулеттің ақылшысы болып отырған ақсақалдың қуанышын бөлісіп, ақ батасына қол жайдық. Қариямыздың ғұмыр жасы ұзақ болып, ырыс-дәулеті арта берсін дейміз.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі