Зейнетке дейінгі азаматтар жұмысқа жолдама алды

142

2021-2025 жылдарға арналган кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Күміс жас» жобасы бүгінде зейнеталды азаматтардың жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізуде.
Мысалға Жамбыл ауданының тұрғыны Жамбылхан Нұраханов зейнет жасына дейін «Мираскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Балдаурен» балабакшасына күзетші болып жұмысқа орналасты.
– Шыны керек мұндай тиімді бағдарлама бар екенін білмедім. Әлеуметтік желі, телеарналарда жарияланған ақпараттарды көріп, аудан орталығындағы Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, мамандардан кеңес алдым. Көп ұзамай, жоба аясында күзетші болып балабақшаға орналастым. Мемлекетімізде осындай тиімді бағдарламалар бар екені қуантады. Зейнетке дейінгі азаматтарға үлкен қолдау, – дейді Нұрахан Ауғанбайұлы.
Бұл жобаға зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатысады. Қатысу мерзімі «Күміс жас» жобасы бойынша 3 жылды құрайды.
– 2022 жылы «Күміс жас» жобасына облыстан 281 адам жолданса, Жамбыл ауданынан 28 адам жұмысқа орналасты. Аталған жоба аясында жұмыссыздар мал шаруашылығы, күзетші, тігінші және тағы басқа да мамандықтар бойынша жұмысқа қабылданады.
2023 жылы Күміс жобасы бойынша облыста 747 адам жоспарланса, Жамбыл ауданындағы 61 адамның бүгінде 46-сы жоба аясында жұмыс атқаруда, – дейді Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Әлия Сапашева.

 

Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.