Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

288

Басқосуда Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Байзақ ауданында 2023 жылы 10 млрд. 808 млн. теңгеге 130 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Өнеркәсіп саласында темір-бетон бұйымдарын, гофрокартоннан жасалған қаптамаларды, түйіршіктелген құрама жемді өндіру, құс етін өңдеу фабрикасын салу бойынша жобалар аяқталуға жақын.

Бұдан әрі Қ.Қорғанбаев баламалы энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың іске асу барысы туралы баяндап, бірқатар мәселелерді көтеріп, ЖЭК нысандарын орналастыруға арналған бос жерлер картасын таныстырды.

Ірі жобалардың бірі – Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр стансасы. Мұндай ірі жел электр станциясының құрылысын Masdar (БАӘ) компаниясы жоспарлауда.

Басқарма басшысы өңірдің инвестициялық тартымдылығы туралы айта келе, Жамбыл облысының Еуропа елдерімен (жылына 1000 – 1100 кВт) салыстырғанда инсоляцияның орташа жылдық әлеуеті (жылына 1500-1600 кВт) жоғары екенін атап өтті.

Облыс әкімі инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуді, отандық және шетелдік компанияларға қолдау көрсетуді және өзекті мәселелерді орталық атқарушы органдармен бірлесіп шешуді тапсырды.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.