Сәресіне ұйықтап қалса не істеу керек — имам жауап берді

194

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы қасиетті Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін айтты. Бұл туралы Нұрлан имам Instagram парақшасында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Біз кешке ауыз ашып, ауызашар дұға оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз және кешке ауызашарда «ертеңгі күнге ниет еттім» дегенді қосамыз. Сондықтан, кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда адам ертеңіне ораза болып кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсы болады. Бірақ сәресін ішпейді ол күні. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Мен оянып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: сәресін іше алмай қалса, оразасы жалғаса береді», – дейді Нұрлан имам.

https://turkystan.kz/article/218935-seresine-uyyktap-kalsa-ne-isteu-kerek-imam-zhauap-berdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.