Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

122

Алмтатыда өткен түнде «Жетісу» базары аумағында жолаушылар автобусы өртенді деп хабарлады turkystan.kz

Видео әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат«шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-інші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді.

»Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда«, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Қалалық ТЖД көлік құралдары тез өртенетінін, небары 2-3 минут ішінде оны толық жойып жіберетінін еске салады. Сол себепті көлікте өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде жолаушылар есіктерден немесе қосалқы шығатын жерлерден дереу шығып кетуі қажет.

https://turkystan.kz/article/218896-almatyda-zholaushylar-avtobusy-ortendi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.