Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

169

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен бөлек, «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибеде көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы арызбен жүгінген кезде бұл мүмкіндіктерді пайдаланбайтынын көруге болады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі №13 бұйрығымен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде болады. Электронды өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Single Sign-On технологиясының көмегімен апостиль қою туралы арыз «Сот кабинеті» сервисіне түседі, онда арыздың электронды үлгісін, мемлекеттік баж, басқа да құжаттарды тіркеу туралы функционалын толтыру қажет. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны — қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталда тиісті құжаттарды жолдағаннан кейін бір жұмыс күні. Арыз берген күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліс.
Портал арқылы апостиль қою туралы арызбен жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мынадай құжаттардың тізбесі қажет:

1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
4) көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгерту Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды).

Электронды түрде «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету туралы туындаған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің жауапты қызметкеріне 8 (7262)99-91-40 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

М.АЛМЕНОВА,
Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің
талдау және жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.