«Аutism Talks»: Астанада ерекше балалардың ата-аналарына арналған кездесу өтті

150

Астана қаласында «Autism Talks»: ерекше балаcы бар  отбасылардың жігер берер оқиғалары» атты ерекше балалы ата-аналардың мотивациялық кездесуі өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шараға аутизмі бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалардың 200-ден астам ата-анасы қатысты.

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн аутизм бар балалардың мәселелеріне назар аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2007 жылғы желтоқсанда белгіленді. Бас Ассамблеяның қарарында аутизм бар балалардың үлесі жоғары болғанына алаңдаушылық білдірілген, ерте диагностикалау мен тиісті тексеруден өтудің маңыздылығы көрсетілген.

Кездесудің бірінші бөлімінде ата-аналар аутизм бар балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті. Екінші бөлімде мамандар балаға да, ата-анаға да қолдау көрсететін түрлі әдістер, құралдар туралы айтты.

«Ата-ананы қолдау мәселесінде, менің ойымша, ең маңыздысы – психологиялық қолдау. Біз үкіметке халықтың психикалық денсаулығын қолдау бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруды ұсынамыз», – деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Аutism Talks»: Астанада ерекше балалардың ата-аналарына арналған кездесу өтті

 

 

https://turkystan.kz/article/218715-autism-talks-astanada-erekshe-balalardyn-ata-analaryna-arnalgan-kezdesu-otti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.