Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді деп хабарлады turkystan.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.
Кезекші оператордың хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.
«Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі – 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды», – делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/218709-almatyda-tagy-da-zher-silkindi/