Алматы облысында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болды. Әжесінің айтуынша, 16 жастағы оқушы сабақтан үйге келген. Түскі астан кейін ұйықтауға кеткен. Ал 2 сағаттан кейін ол сарайдан асылып тұрған жерінен табылған. Бала ол кезде қайтыс болған.
Қазір полицейлер өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары оның мұндай әрекетке неге барғанын анықтайды.
«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі.