Семейде 14 жастағы қыз зорлық-зомбылық құрбанына айналды

141

Семей қаласында 14 жастағы қыз жыныстық зорлық-зомбылық құрбанына айналды.  Күдікті – 18 жастағы жігіт деп хабарлады turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға 2022 жылы әлеуметтік желі арқылы танысудан басталған. Кейін ер адам оны үйіне шақырып, арам пиғылын іске асырған көрінеді. Жыныстық қатынастан бұрын қыз оған 14 жаста екенін ескерткен.

Енді тергеу жұмыстары басталғанда әлгі 18 жастағы азамат жасөспірімнің кәмелет жасына толмағанын білмегенін айтып ақталуда. Тіпті жергілікті полицейлер істің тонын айналдырып, жігітті қылмыстан құтқару үшін қыз баланың абыройын шашқан. Яғни жасөспірімнің жалаңаш суретін әлеуметтік желіге жариялап жіберген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.