Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды

108

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді деп хабарлады  turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Іс полицияда «зорлау» бабы бойынша тіркелді. Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.

«Күдікті – жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс «Зорлау» бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.

https://turkystan.kz/article/217780-zhanaozende-14-zhastagy-kyz-tugan-ekesinen-zhukti-bolyp-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.