Тамыры терең той-Саудакентте жалғасты

250
Бүгін тоқшылық пен береке-бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы Саудакент ауылында жалғасын тапты. Саудакент ауылының кіре берісінен ұлттық киімдегі атқа мінген азаматтар шеру жасап, орталыққа барды. Ұлық мерекемізге арналған іс-шарада ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінен театрландырылған көріністер қойылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Әз-Наурыз мерекесін көпшілікпен қарсы алған аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы бірлігі жарасқан Саудакент жұртшылығын ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени іс-шараны еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін тамашалап, бір-бірін құттықтап, ізгі ақ ниеттерін білдіріп жатса, ауылдың алтауыздары мен өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілік керемет көңіл-күйге бөленді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.