Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов ҚҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына отбасымен бірге келіп, таңдау жасады.
Ауыл әкімі өзі тіркелген Аса ауылындағы 2814 сайлаушысы бар №167 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Жамбыл ауданынан 35 сайлау учаскесі өз жұмысын Әнұранмен бастап, таңғы 07:00 есігін ашты. Өңірде 52080 сайлаушы тіркелген.