Бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлайды. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толық мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Таңғы 7.00-ден мемлекеттік әнұран орындалып, учаскелердегі дауыс берушілердің қарқыны жақсы, оның ішінде ауыл ақсақалдары белсенді.
Мәселен, 368 сайлау учаскесіне ең бірінші келген сайлаушы 1948 жылғы ақсақал Жанысов Есенғазы болды. Ал, Саудакент ауылы № 370 сайлау учаскесіне ең алғашқы дауыс беруге қоғам белсендісі Сейдқадыр Абдыхалықұлы келсе, тыл ардагерлері Өсер қария да ерте келіп, өз таңдауын жасады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі