Саяси науқан

169
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға Қызыл жұлдыз ауылындағы Н.Ақшабаев атындағы мектепке орналасқан № 122 сайлау учаскесіне сайлаушылар таңмен таласа ағыла бастады. Таңғы сағат 7.00-де аталған сайлау учаскесінде еліміздің Гимні орындалғаннан кейін дауыс беру басталды. Мұнда 1562 сайлаушы тіркелген.
Ел үшін маңызды шешім қабылдаған тұрғындардың ішінде осы сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, өз таңдауын жасаған еңбек ардагері Асылбек Өмірзақов болса, 18 жасар Асан Рамазан алғаш дауыс беріп үлгерді.
– Бүгін алғаш рет сайлауға қатыстым. Таңдаған үміткерге дауыс бердім. Менің таңдауым мен дауысымның маңызды екенін білемін, – дейді жас сайлаушы.
Сайлаушылардың алды боп келгендерге арнайы сыйлық ұсынылды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Толқын Шомаева дауыс беру орнына келе алмайтын қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жәшік пен дауыс беру парағын апару жолға қойылғанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.