8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандағы қазыналы, тыл, еңбек ардагерлері, асыл әжелерді құттықтап, ыстық лебізін білдіріп, сыйлығын табыстады.
«Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін» деген аудан басшысы аналармен әңгімелесіп, батасын алды. Екі ғасырдың куәсі болған, зұлмат жылдары аянбай тер төккен Өндіріс ауылының тұрғыны 101 жастағы Бибіайша әжей шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Аудан бойынша 8 наурыз—Халықаралық әйелдер күніне орай 200-ге жуық мәдени шаралар, 500-ден астам гүл таратылып, 100-ге жуық көп балалы, жалғызбасты аналарға қайырымдылық шаралары өткізілді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі