Жедел жәрдеммен келсе де, дәрігерлер қабылдамаған: Астанадағы ауруханалардың бірінде ер адам қабылдау бөлімінде көз жұмған

133

ер адам
43 жастағы Руслан Рышқов 20 ақпанда елордадағы қалалық фтизиопульмонология орталығына жедел жәрдеммен дереу жеткізілген. 8 жылдан бері демікпемен ауыратын Русланның бұл жолғы жағдайы аса ауыр болғанымен қабылдау бөліміндегі мамандар науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартқан көрінеді. Марқұмның әйелінің сөзінше, жанына батып жатса да азамат аурханадағы басынан өткерген бар сорақылықты мессенджер арқылы айтып кеткен.

“Егер саған менің телефонымды сындырып берсе, сен сенбе деді. “Мен өлейін деп жатырмын, мыналар мені қарап жатқан жоқ” деді. Мен жалғыз өзім қабылдау бөлімінде қиналып жатырмын. Ол таңға дейін қабылдау бөлімінде қиналып жатқан. Таңғы сағат 7:30-да медбике тағы қоңырау шалды. «Күйеуіңізді алып кетесіз бе, жоқ па?” деді”, – дейді марқұмның әйелі Айзада Құлмұратова.

Бастапқыда ер адамның денсаулығында кінәрат жоқ деген дәрігерлер 2 сағаттан соң қайта қоңырау шалып, күйеуінің қайтыс болғанын айтқан. Дәрігерлер ер адамның өліміне тромбтың жарылуы себеп болғанын жеткізіпті.

Аурухананың бас дәрігері Анна Цепке құпия жағдайда көз жұмған науқас бойынша толыққанды мәләмет бере алмаған. Тек марқұмның әйелі құзырлы органдарға шағымданған жағдайда ресми жауап болады деп қысқа қайырды.

“Біз көрсеткен медициналық қызметтің сапасын анықтау үшін әйел арнайы органдарға жүгінсін. Біздің жұмысымызға көңілі толмайтындай күдігі болса сот-медициналық сараптама тағайындасын”, – деді Астана қалалық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Анна Цепке.

https://stan.kz/zhedel-zhardemmen-kelse-de-darigerler-kabildamagan-asta-378730/

Leave A Reply

Your email address will not be published.