Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды

123

Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Сурдодзюдодан Азия чемпионаты 5-6 наурызда өткен.

«Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында сурдодзюдодан жалауы желбіреген Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар да қатысты. Бұл додада атыраулық сурдодзюдошы Ерсін Болатов 60 келі салмақта бақ сынады. Қарсыластарының бәрін қапы қалдырған ол Азия чемпионы атанды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Атыраулық сурдодзюдошы іріктеу кезеңінде өз тобындағы моңғол, корей спортшыларын жеңген. Ал, ақтық сында жапондық палуанды 8 секундта иппон әдісімен ұтқан.

Азия чемпионы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында тұрады. Егіздің сыңары спортпен бала күнінен айналысқан. Осы аудандағы Миялы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.

https://turkystan.kz/article/215872-atyraulyk-surdodzyudoshy-aziya-chempiony-atandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.