Алматы облысындағы ауыл су астында қалды

249

Алматы облысында Ақөзек ауылын қызыл су басты деп хабарлады turkystan.kz.

«2023 жылғы 5 наурыз күні сағат 18:46-да Алматы облысы ТЖД Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның (+12 градус) жоғарылауына және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен құрғақ арна арқылы таулардың баурайынан еріген судың түсуіне байланысты қардың қарқынды еріді. Осының салдарынан Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай құрғақ арнадағы су деңгейі көтеріліп, құбырлы өткелдер кіретін су көлеміне төтеп бере алмады. Сол себепті көшелер мен 6 жеке тұрғын үйдің ауласын су басты», – делінген хабарламада.

ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен инженерлік техникасын (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген су арнасы бұрылды.

ТЖ департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. 2023 жылғы 6 наурыз күні сағат 7:00-де су ағыны төмендеді, елді мекендер арқылы су транзиттік режимде өтуде.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

https://turkystan.kz/article/215738-almaty-oblysyndagy-auyl-su-astynda-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.