Бір аптада мектепте екінші рет пышақпен шабуыл жасалды

194

Жұма күні Хиросимадағы орта мектепте 13 жастағы жасөспірім сыныптасына пышақ салды деп хабарлады turkystan.kz Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға таңғы сағат 8:15 шамасында мектеп дәретханаларының бірінде болған.

Шабуылдаушы мұғалімге жәбірленушінің кездейсоқ кездесіп қалғанын айтты. Ол пышақты өзімен бірге үйден ала келген көрінеді.

Жәбірленген 12 жастағы жасөспірімнің сол қолы мен денесінің кей жерлері жарақаттанған.

Бұдан бірнеше күн бұрын, яғни 1 наурыз күні Токио маңындағы Сайтама префектурасында 17 жастағы жасөспірім орта мектепке басып кіріп, оның сыныпқа кіруіне кедергі келтірмек болған мұғалімге пышақ салған. Шабуыл жасаушы «біреуді өлтіргісі келгенін» айтты.

https://turkystan.kz/article/214755-zhaponiyada-6-1-baldyk-zher-silkinisi-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.