Ақтау әкіміне 172 мың теңге айыппұл салынды

121

Ақтау әкіміне сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ЖШС-нің Ақтау қаласының әкіміне берген талабы қанағаттандырылды. Сот жауапкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуын заңсыз деп таныды және қала әкіміне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдауға, яғни бір ай ішінде ЖШС пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеді, – делінген хабарламада.

Алайда сот шешімі көрсетілген мерзімде орындалмады. Жеткілікті уақыт өткеніне қарамастан, жауапкер сот шешімін орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ.

Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындау соттың бақылауында болады және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады. Осыған байланысты сот Ақтау қаласының әкіміне жеке өзі 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарым шығарды, бұл – 172 500 теңге, – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

Енді ол бес күн ішінде төлеп, 10 күн ішінде сот шешімін орындауы керек. Әйтпесе, ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта салынады.

https://turkystan.kz/article/215330-aktau-ekimine-172-myn-tenge-ayyppul-salyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.