Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндады. Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа Еңбек кодексін қабылдау туралы тармақ бар екенін атап өтті: аталмыш құжатта еңбек шарттарын жасасу кезінде жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің толық теңдігі қамтамасыз етілетін қағидат бар.
Сонымен бірге Абдукамал Ашимбеков өз сөзінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша аталмыш өңірдің артта қалып жатқандығына тоқталды.