Қазгидромет синоптиктері 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.
Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.