МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

117

2023 жылдың 23 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жаңа құрамымен алғашқы отырысы өткізілді.

Департамент басшысы Лесбек Құралбайұлы жұмыс тобының жаңа құрамын таныстырып өтті.

Жиында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жүргізілген бақылау жұмыстарының қорытындылары тыңдалды.

Аталған отырыста Жамбыл облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы Ғалия Бектенқызы Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен жалпы 11,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. Оның 98,5% электронды түрде көрсетілген. 2021 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 1,1% артқан.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында 60 мерзім бұзу деректері орын алған.

Бұдан бөлек, Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Жанәділ Аманәліұлы өз баяндамасында Департамент тарапынан жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының сақталуына 14 бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1160 заң бұзушылық анықталғандығы туралы айтты.

Сондай-ақ, рұқсат құжаттарын беру мерзімдерін бұзғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 19 лауазымды тұлғаларына қатысты 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 1 133 310 тг. көлемінде айыппұл салынғаны аталып өтілді.

Департамент басшысы Л.Ілебаев отырысты қорытындылай келе, комиссияның мүшелерінің қолдауымен кемшіліктердің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныстар енгізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.