Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 3 адам қаза тапты

67

20 ақпан күні Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан деп хабарлады turkystan.kz ІІМ-не сілтеме жасап.

Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: олардың бірі 1975 жылы туған әйел болса, екіншісі 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай, темір жол жолымен жүріп өткені алдын-ала анықталды.

Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

https://turkystan.kz/article/214012-avtokolik-pen-poyyz-soktygysyp-3-adam-kaza-tapty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.